«Көркем -Ай» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ынтымақ елді мекені, Өркенді ауылы,Шалатаев көшесі № 17 үйде орналасқан. Балабақша мемлекеттік комиссия шешімімен 2013 жылғы қараша айында іске қосылды. Ғимарат 1 бөліктен тұрады. Балабақша екі қабатты ғимараттан құралған. Балабақша ғимаратында 6 топқа арналған шешінетін қабылдау бөлмесі, ойын және ұйқы бөлмесі әр топқа арналған әжетханасы бар , асхана, музыка мен әкімшілік бөлмелері, медицина бөлмесі және өнер залы бар.Топтар 140 бала санына арналған. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы газбен жылынады.Балабақша темір қорғанмен қоршалған . Балабақша көгалдандырылған: гүлзарларға гүл егіліп күтім жасалуда. Балабақша ауласында ойын алаңы бар. Әр топқа арналған жазғы бастырмалар бар.Ойын алаңында, карусель әткеншектер,сырғанауға арналған төбешіктер құм толтырылған кіші бастырмалармен жабдықталған. Медициналық бөлмесі балалардың антрополиметриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен,дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Балабақша өртке қарсы құрал — жабдықтармен қамтылып, сақтандыру жабдықтары дайындалған.
Жалпы балабақшада 10 педагог жұмыс істейді.
Жоғары білімді педагог: 8
Арнаулы орта білімді педагог: 2
I санатты педагог-0
ІІ Санатты педагог — 3
Санатсыз педагог-7
Жалпы балалар саны-140